Ақмола облысында белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеп жіберген

0
625

Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңге.


Ақмола облысында белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеп жіберген

ERNUR.KZ. 18 сәуір күні таңертең Ақмола облысы Аршалы ауданында белгісіз біреулер мемлекеттік мекеменің ғимаратын өртеп жіберген, деп жазады Tengrinews.kz.

Келесі күні жергілікті атқарушы органның қызметкері бұл туралы полицияға хабарлап, өрт қойғандарды тауып, оларға шара қолдануды сұраған.

Өртті Аршалы ауданының жедел тергеу тобы оқшаулаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығын көлемі 6 миллион теңге.
"Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратынан өрт шыққанын анықтады. Өрт түнгі сағат 03.30 шамасында болған. Қазір өрт ошағы анықталып жатыр", - деп хабарлайды полиция.

Өртенген ғимараттан өзіндік иісі бар 3 литрлік шыны құты мен пластиктен жасалған зат табылды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-тармағы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып жатыр.

Осы қылмысты жасаған немесе оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.