Елші АҚШ өкілдігінің атынан баршаға Жаңа жылда денсаулық, молшылық, бейбіт өмір тіледі.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Жаңа жыл мерекесіне орай қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Құрметті достар, Қазақстанда алғаш рет Жаңа жылды сіздермен бірге қарсы алып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жыл барлығымыз үшін оңай болған жоқ. Бірақ келер жылға сеніміміз зор. Келер жыл ойыңыздағыдай қуанышты сәттерге толы болсын», - деп қазақ тілінде құттықтау сөзін жеткізді Елші.