АҚШ-тан жеке бас қорғаныс құралдары жеткізілген.
АҚШ Қазақстанға ұшақпен гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Facebook парақшасында хабарлады.
"13 наурыздың түні USAID пен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының өкілдері Қазақстанның үкіметіне COVID-19 жұқпалы ауруымен күресу және оның таралуын болдырмау үшін берілетін жеке бас қорғаныс құралдары бар жүктердің жеткізілуін күтіп алды" - деп жазылған хабарламада.