2 жастағы баланың жағдайы ауыр, жамбас сүйегі сынған.
фото: Sputnik / Алексей Куденко
ERNUR.KZ. Ақтауда жаяу жүргіншілер жолында әйелді екі баласымен көлік қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Екі баласын жетектеп жолдан өтіп бара жатқан әйелді Hyundai Elantra көлігі қағып кетті. Оқиға 10 тамыз кешкі сағат 21:00 шамасында болған.
"Дәрігерлер тексергеннен кейін анасы үйіне жіберілді, ал балалар ауруханаға жатқызылды. 7 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр, миы шайқалған. Ал 2 жастағы науқастың жағдайы ауыр, жамбас сүйегі сынған", - дейді Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасы.
Hyundai Elantra көлігі айып тұрағына қойылды
"Жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610 — бабы "Денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша іс қозғалды", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Тергеу жалғасып жатыр.