Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
ERNUR.KZ. Ақтауда кәріз құдығынан ай-күні жетпеген шақалақтың шаранасы табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«2019 жылдың 10 ақпаны күні шамамен сағат 18.40-та Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 1-інші шағын аудандағы кәріз насосты станциядан шарана табылғаны туралы хабар түсті. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі бірыңғай тізімге енгізілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.