Зардап шеккен әйел 22 жаста, ол - ер адамның өгей баласының әйелі.
Midjourney арқылы жасалған
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде "Ақтөбе облысында келінін зорлады деген күдікпен 53 жастағы ер адам ұсталғаны" туралы ақпарат тарады, деп жазады tengrinews.kz.
Мән жайы
Желіде осы оқиға туралы жазбалар тарады. Мәліметке сүйенсек, зардап шеккен әйел 22 жаста, ол - ер адамның өгей баласының әйелі.
Полиция пікірі
Ақтөбе облысы Полиция департаменті өкілі жағаұстатар жағдайға пікір білдірді.
"Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.


