Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалар жанып кетті

0
544

Ақтөбе облысында көлік өртеніп, бір отбасының екі баласы қайтыс болды.


Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалар жанып кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ағайындылар бұзылып, аулада тұрған көлік ішінде ойнаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Денесін 80 пайызға дейін күйік шалуына байланысты өте ауыр жағдайда Әйтеке би аудандық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде жан сақтау бөлімінде реанимациялық көмек көрсетілді. Қаладан медициналық авиациядан құрамында реаниматолог-анестезолог және комбустиолог, травматолог дәрігер жолданды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды.

Ағайындылар бұзылып, аулада тұрған көлік ішінде ойнаған. Кенеттен ескі көлік отқа оранып, 3 жастағы інісі тірідей жанып кетті. Оның 7 жастағы ағасы өртенген көліктен шыққанымен, 4-ші дәрежедегі күйік алған. Жедел ауруханаға жеткізіліпті. Аудандық аурухананың дәрігерлері мен Ақтөбеден келген мамандар бүлдіршіннің өмірі үшін күрескенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады

"Денесін 80 пайызға дейін күйік шалуына байланысты өте ауыр жағдайда Әйтеке би аудандық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде жан сақтау бөлімінде реанимациялық көмек көрсетілді. Қаладан медициналық авиациядан құрамында реаниматолог-анестезолог және комбустиолог, травматолог дәрігер жолданды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды", - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Құштаева.

Өрттің шығу себептері, әзір белгісіз.