Ақтөбе тұрғыны ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

0
246

Бұны облыстық прокуратура әлеуметтік желіні тексеру кезінде білген.


Ақтөбе тұрғыны ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзаларын сатып пайда таппақ болған, деп жазады sputnik.kz.

Ол өзінің ағзаларын 9 миллионға бағалапты. Бұны облыстық прокуратура әлеуметтік желіні тексеру кезінде білген.
"E" есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы туралы ықтимал мәміле жасау туралы ақпарат алынды. 25 қыркүйекте прокуратураның бастамасымен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған азаматты ұстады", - дейді ведомство.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігі "Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.