Ақтөбеде кәмелетке толмаған баласы жыныстық қатынасқа түскені үшін анасы жазаланды

0
644

Сот әйел адам кінәсін мойындағанын және отбасының материалдық жағдайын ескеріп, 48 мың 300 теңге айыппұл салды.


Ақтөбеде кәмелетке толмаған баласы жыныстық қатынасқа түскені үшін анасы жазаланды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 14 жастағы бала мен 15 жастағы қыз жыныстық қатынасқа түскен. Аталған жағдай кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта қаралып, ұлдың анасы жазаланды, деп жазады stan.kz.

38 жастағы ақтөбелік әйелге "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы айып тағылды.

"Оның 14 жастағы ұлы үйде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Кішкентай балалардың орынсыз ісі үшін енді ересектер жауап беретін болады. Жасөспірімнің анасы сотта кінәсін мойындап, ұлына қарамағанын, қазір оның тәрбиесін қадағалап жатқанын айтты", - делінген хабарламада.

Сот әйел адам кінәсін мойындағанын және отбасының материалдық жағдайын ескеріп, 48 мың 300 теңге айыппұл салды.