Ақтөбеде менингит жұқтырған 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр

0
1 337

Мектеп директоры оқушының ата-анасымен күнделікті байланыста.


Ақтөбеде менингит жұқтырған 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбеде менингит жұқтырған 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр, деп жазады Tengrinews.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ол мектепте карантин жарияланды.

"Оның менингит жұқтырғаны жайлы біз 3 желтоқсанда білдік, демалыс болатын. Сол күні емхананың сұранысымен біз сол сыныпта оқитын 21 оқушы мен сол сыныпқа сабақ беретін 12 мұғалімді тексерістен өтуге жібердік. Нәтижесін бүгін ғана алдық. Баланың 26 қарашада ауырғаны анықталды. Ол сабаққа 1 желтоқсанға дейін келіп жүрді, ештеңе байқамадық. Барлық сабаққа қатысып жүрді, температурасы да болған жоқ", - дейді №20 мектептің директоры Бағдат Орымбаева.

Директордың айтуынша, ол оқушының ата-анасымен күнделікті байланыста.

"Әкесінің айтуынша, баланың жағдайы тұрақты ауыр. Бірақ қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінен ауыстырылды, палатада жатыр", - деді Орымбаева.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде 11-сынып оқушысының менингит жұқтырғаны жайлы хабарланған болатын.