Ақтөбеде үш жасар сәби балабақша терезесінен құлап кетті

0
1 151

Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты дейді.


Ақтөбеде үш жасар сәби балабақша терезесінен құлап кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі «Нұр Зерек» балабақшасында оқыс оқиға тіркелді. Терезеден құлаған бала ауруханада жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Нұр Зерек» балабақшасы бұл оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Меңгеруші комиссия тексеріп жатқанын хабарлады. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы тұрақты деп отыр.

«Баланың жарақатына байланысты оны керіп қойдық. Жағдайы тұрақты», - деп хабарлады дәрігерлер.