Ақтөбеде зейнеткер әйел 2-қабаттан секірмек болды: оқиғаның видеосы жарияланды

0
95

​Әйелді құтқару сәті полицейлердің бейнежетондарына түсіп қалды.


Ақтөбеде зейнеткер әйел 2-қабаттан секірмек болды: оқиғаның видеосы жарияланды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтөбеде зейнеткер әйел 2-қабаттан секірмек болды. Жағымсыз оқиғаның видеосы жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық ПД мәліметінше, полицияның кезекші бөліміне көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан әйел адамның секірмек болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді.

«Көрсетілген мекенжайға жедел жеткен полиция қызметкерлері пәтерге кіріп, әйелдің терезе алдында қауіпті жағдайда тұрғанын анықтады. Қызметкерлер шұғыл әрі үйлесімді әрекет етіп, әйелді ұстап қалып, терезеден түсіріп алды.
Полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Құтқарылған әйелге қажетті көмек көрсетіліп, жағдайы анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция азаматтарды жақындарының психологиялық жағдайына бейжай қарамауға және осындай жағдайларда дереу тиісті қызметтерге хабарласуға шақырады.