Ақтөбедегі 1 жасар баланың өлімі: анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
573

Ақтөбеде еріктілер ішімдікке құмар отбасының үйіне барып, 1 жасар бала қайтыс болғанын, оның қасындағы 4 жасар ағасының аш құрсақ жүргенін хабарлаған еді.


Ақтөбедегі 1 жасар баланың өлімі: анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында қайтыс болған 1 жасар баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

"2023 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00 шамасында Ақтөбе полиция басқармасы Алматы ауданы №3 ҚПБ-нің 102 нөміріне 02.02.2022 жылы туған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кәмелете толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қорытындысы бойынша жүректің жетіспеуінен (сердечная недостаточность) қайтыс болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша баланың анасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сонымен бірге қайтыс болған баланың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны белгілі.

Айта кетейік, Ақтөбеде еріктілер ішімдікке құмар отбасының үйіне барып, 1 жасар бала қайтыс болғанын, оның қасындағы 4 жасар ағасының аш құрсақ жүргенін хабарлаған еді. Астаң-кестеңі шыққан үйде тіскебасар тамақ болмаған.