Ақтөбедегі автогаз құю бекетінде жарылыс болды

0
76

Өрт 200 шаршы метрді шарпыған.


Ақтөбедегі автогаз құю бекетінде жарылыс болды

фото: tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. 3 наурызда Ақтөбенің Алматы ауданында орналасқан автогаз құю станциясының жерүсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болды. Жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған, деп жазады tengrinews.kz.

ТЖД күштері оқиға орнына жеткен соң, өртсөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеген. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.


"Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қаһарман Оразалин үйлестірді", - делінген хабарламада.

Өрт 200 шаршы метрді шарпыған. Оқиғаның себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатқаны айтылды.