Ақтөбедегі интернет-дүкен есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінді

0
213


Ақтөбедегі интернет-дүкен есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінді

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері Ақтөбеде есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінген интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты, деп жазады Stan.kz.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арнайы бөлімше жауынгерлерімен бірлесіп 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның тұрғылықты мекен жайында санкцияланған тінту жүргізілді.

“Тінту кезінде қойма үй-жайынан екі ұңғылы аңшы мылтығы мен оқ-дәрілері, травматикалық және пневматикалық тапанша, револьвер, Ф-1 гранатасы және оқ-дәрілер табылып, тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ күдіктінің қылмыстық байланыстарын анықтау кезінде құқық қорғау органдары есірткі жасырумен айналысты деген күдікке ілінген адам да ұсталды. Оның жалға алған пәтерін тінту кезінде 70 құты гашиш майы (WAX) және заңсыз жолмен келген ақша тәркіленген.

"Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция өкілдері есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен қаруды заңсыз сақтаудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.