Кінәсін мойындаған жергілікті екі тұрғын ұсталды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының табиғатты қорғау полиция қызметкерлері «Ватсап» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында белгісіз біреулердің «Лада-21214 маркалы көлігімен жабайы жануарды соғып, күрекпен қатты соққыға жыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тексеріс нәтижесінде аталған видео ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында Алға ауданының аумағында түсірілгені анықталды. Аталған факті бойынша кінәсін мойындаған жергілікті екі тұрғын ұсталды. Олар Алға қаласынан шамамен 25 шақырым жерде жабайы жануарды қағып, нәтижесінде жол жиегіне қарай қашқан жануарды көлікпен қуып жетіп, күрекпен жануарды өлгенше ұра бастады.
Аталған факті бойынша заңсыз аң аулау және жануарларға қатыгез қарау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде