Алакөлге лас су ағызған қонақүй иесіне айыппұл салынды

0
1 010

Алакөлге төгілген судың бассейннің суы екені анықталды.


Алакөлге лас су ағызған қонақүй иесіне айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Алакөлге лас су ағызған «Көктем гранд» демалыс орнының иесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Әділханов айыппұл төлейтін болды, деп жазады 24.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Желіде Алакөлге кәріз суы құйылып жатқаны туралы видео пайда болғаны туралы жазған болатынбыз.

Бұл жағдай демалушылардың наразылығын туғызды. Қазір ол жерде экологтардан, аудандық әкімдік пен санэпидемстанция қызметкерлерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр. Судан сынама алынып, санитарлық талаптарға сәйкестігі тексерілуде.

" Алакөл жағалауында кәріз суын көлге төгу дерегі бойынша Алматы облысының әкімдігі өзінің жеке зерттеуін бастады. Оның нәтижесінде Алакөлге төгілген судың бассейннің суы екені анықталды. «Көктем гранд» қонақ үйіне байланысты экологиялық нормаларға сәйкес іс қозғалып, айыппұл салынды" - дейді Ғалымұрат Жүкел, облыс әкімінің баспасөз хатшысы.