"Туризмді дамытып не керегі бар?"
Әлеуметтік желілердің бірінде Қазақстанның үздік демалыс аймағының бірі Алакөлдің жағалауында құбыр арқылы кәріздегі лас судың құйылып жатқан бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы фейсбук желісінің қолдануышысы Бауржан Омаров жариялады.
"Қазір ғана маусым айында өзім демалған Алакөлден видео келді. Ақши ауылы.
Бірде маған шетелдіктің: "Сендерге туризмді дамытып не керегі бар? Сендердегі табиғат әлемдегі ең әдемісі! Онда өркениет пен жолдар пайда болысымен табиғаттарыңыз құриды" деген сөзін жеткізіп еді...
Өкінішке орай, келісемін. Кішігірім пансионаттардың қасына элиталы қонақүй салып қойған. Ол суды көлден алады да, кері қарай осындай лас суын ағызады. Алакөл де құрыды!" деп күйіне жазды ол.