3 қарашада елордадағы «Алау» мұз айдын сарайында жаппай коньки тебу маусымы ашылады.
ERNUR.KZ. 3 қарашада елордадағы «Алау» мұз айдын сарайында жаппай коньки тебу маусымы ашылады. Салтанатты ашылу шарасы сағат 12-де «Ағайынды Жүгінісовтер» триосының және қазақстандық «Спарта» КВН командасының өкілдерінің қатысуымен өтеді, деп жазады Baq.kz.
Биыл «Алау» мұз айдын сарайында коньки тебу бағалары өзгеріссіз қалды. Сеанстар үш сағатқа таңғы 9-дан кешкі 11-ге дейін жалғасады.
Таңертеңгі сеанстарға билеттер құны 1120 теңге, күндіз және кешке – 1680 теңге, жеңілдікті билеттер мен мектеп оқушылары және студенттер үшін билеттер 560 теңге тұрады. 7 жасқа дейінгі балалар, көп балалы отбасылардан шыққан, І және ІІ топтағы мүгедек балалар мее балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін маусым бойы кіру тегін. Айдын дүйсенбіден басқа күндері жұмыс істейді. Қосымша ақпарат www.alau.info сайтында.