Алаяқтық жасады деген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

0
97

Тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Алаяқтық жасады деген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Бейнеден алынған кадр

ERNUR.KZ. Ресей Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп жазады tengrinews.kz.

Тергеу барысында күдіктінің 2023 жылы интернет-сайттарда шетелдік көліктерді сату туралы көрінеу жалған хабарландырулар орналастыру арқылы жеті азаматтың ақшасын жымқырғаны анықталған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалаған, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың шілдесінде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.