Әлемдегі ең үлкен жүк ұшағы Қазақстанға қонды

0
974

Мрия ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған.


Әлемдегі ең үлкен жүк ұшағы Қазақстанға қонды

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең үлкен жүк ұшағы Ан-225 «Мрия» тағы да Алматыға жанармай құю үшін қонды, деп жазады Skifnews.kz.

Бұл жолы борт Қытайдан салмағы 102 тонна болатын рекордтық жүкпен - ұшып келді. Ұшаққа медициналық мақсаттағы бұйымдар және COVID-19 қарсы құрал-жабдықтар тиелген. Бұл туралы украиналық БАҚ хабарлады. Ол Алматыдан Польша астанасына ұшады. Варшавада 14 сәуір күні таңғы сағат 09:30 шамасында болуы тиіс.

Мрия ұшағы 1988 жылы Киевте жасалған. Әлемде мұндай ұшақ әзірге біреу-ақ.