Әлемнің үздік тревел-блогері атанған Дастан Мұхамедрақым Тоқаевпен кездесті

0
76


Әлемнің үздік тревел-блогері атанған Дастан Мұхамедрақым Тоқаевпен кездесті

Фото: instagram.com/bydastann

ERNUR.KZ. Әлемнің үздік тревел-блогері атанған қазақстандық Дастан Мұхамедрақым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, деп жазады Stan.kz.

Жағымды жайт туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Кездесу барысында ол Президентке шығармашылығы жайлы айтып берді.

Блогер Мемлекет басшысымен кездесу өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

“Мен негізі "Қазақ тілі және әдебиеті” пәнінің мұғалімімін, бірақ жан дүнием үнемі шығармашылыққа тартып тұрды. Сөйтіп, бірнеше жыл бұрын блогерлікті бастаған кезде, мұндай дәрежеге жетемін деп күтпедім”, – деді ол.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалай видеоларының арқасында қандай жетістікке жеткенін де айтты.