Алматы 1895 жылғы температуралық рекордын жаңартты

0
748

Алматыда соңғы 125 жылда болмаған температуралық рекорд тіркелді.


Алматы 1895 жылғы температуралық рекордын жаңартты
ERNUR.KZ. "Қазгидромет"синоптиктері Нұр-Сұлтан мен Алматыда жарты жылда тіркелген ауа райы рекорды туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

27 маусымда Нұр-Сұлтанда бір күнде түскен жауын-шашынның айлық мөлшері - 39 миллиметр болған. Әдетте елордада бұл көрсеткіш барлық айда 37 миллиметрден аспайды.

"Қазақстан Республикасы гидрометеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың жазының бірінші айында елордада 98 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл - үш айлық норма. 26 мамыр 2020 жылдың бірінші жартысындағы ең жылы күн болып (36,1 градус) саналады. 2001 жылы дәл осы күні термометр жолақтары 33,8 градусқа көтерілген болатын", - делінген хабарламада.

15 сәуір Алматы үшін соңғы алты айдағы ең жаңбырлы күн болды. Бұл күні бір тәулікте 39 миллиметр жаңбыр жауды.

4 маусымда Алматыда соңғы 125 жылда болмаған температуралық рекорд тіркелді. Осы күні ауа температурасы 34,5 градусқа дейін көтерілді. Бұл 1895 жылғы дәл осы күнмен салыстырғанда екі градусқа жоғары.