Алматы әкімдігінің ғимараты 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады

0
559

Ғимарат қаңтар орқиғасынан кейін реконструкциядан өтті.


Алматы әкімдігінің ғимараты 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады

ERNUR.KZ. Қалалық әкімдік ғимаратында энергия үнемдеу технологиялары қолданылып, өртке төзімді материалдар пайдаланылды, сондай-ақ барлық қабаттар бойынша өрт сөндіру және кіруді бақылау жүйелері бар, деп жазады sputnik.kz.

Сонымен қатар, халықаралық стандарттарды ескере отырып, ғимараттың сейсмикалық күшеюі мен жер сілкінісіне төзімділігі бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
"Әкімдік ғимаратын реконструкциялау кезінде бөлшектеу барысында белгілі бір қиындықтар байқалды. Мысалы, өрт кезінде бірнеше плиталар беріктігін жоғалтты және оларды жаңа жолмен толтырып, күшейтуге тура келді. Сейсмикалық күшейту жұмыстары аясында металдың көп мөлшері жұмсалды, қазір бұл жұмыстар көрінбейді, бірақ төтенше жағдай кезінде берік конструкциялар ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді", - деді "Атрикс-Строй" ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев.
Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің ғимараты реконструкциядан кейін жер сілкінісі болған жағдайда 10 баллға төтеп бере алады.