Қала билігі Шәріпов көшесінде ағаш бұтағы қыздың үстіне құлап, қыз қайтыс болған жағдайға түсініктеме берді.
Фото: kris_p_almaty
ERNUR.KZ. Әкімдік мәліметінше, оқиға орнына Алмалы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, прокуратура, экология және қоршаған орта басқармасы және осы басқармаға қарасты Eco Almaty ұйымының қызметкерлері барған, деп жазады inbusiness.kz.
"Тексеру барысында бұтақ сынған ағаштың жасыл әрі қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды. Ағаштың санитарлық қырқуға жататынын немесе бұтақтың не тұтас ағаштың құлау ықтималдығын тек сыртқы тексеру арқылы анықтау мүмкін емес, себебі ағаш жасыл және қурау белгілері жоқ", – деген әкімдік өкілдері.
Былтыр тұрғындардың өтініші бойынша осы аумақтағы емен ағашына санитарлық қырқу жүргізілген.
Ал 2025 жылы тұрғындар Шәріпов пен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы 2 апатты теректі кесуді сұраған.
Айта кетейік, кеше жұмысынан кофе алуға шыққан бойжеткеннің үстіне ағаш құлап, ауыр жарақаттан жан тапсырды.