Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апаты: көлік өртеніп, жүргізуші тірідей жанып кетті

0
67

Changan жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.


Алматы облысындағы жантүршігерлік жол апаты: көлік өртеніп, жүргізуші тірідей жанып кетті

Сурет: Zakon.kz


ERNUR.KZ. 2025 жылғы 15 қыркүйекке қараған түні Алматы – Шелек – Қорғас автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға орнында болған Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Алматы – Шелек – Қорғас автожолымен батыс бағытта келе жатқан.

Ол көлік тізгініне ие бола алмай, алда кетіп бара жатқан Volvo F17 жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан Changan көлігі өртке оранды. Ал, оның жүргізушісі көлік ішінде қалып қойып, тірідей жанып кетті.

Марқұмның денесі мәйітханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аймақтық Полиция департаменті 15 қыркүйекке қараған түні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 147-шақырымында орын алған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Changan жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік өртеніп, жүргізуші алған жарақаттары мен күйіктерінен оқиға орнында қайтыс болды", – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қазір мамандар оқиға жайлы толық, жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін тиісті тергеу әрекеттерін атқарып жатыр.