Алматы орталығында өрт: куәгерлер түтін арасынан жүгіріп шыққан қызға көмектесті

0
90

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Қарасай батыр көшесіндегі ғимараттардың бірінің жертөлесінде өрт шыққан.


Алматы орталығында өрт: куәгерлер түтін арасынан жүгіріп шыққан қызға көмектесті

фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Алматы орталығында өрт шықты, куәгерлер түтін ішінен жүгіріп шыққан қызға көмектесті, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Қарасай батыр көшесіндегі ғимараттардың бірінің жертөлесінде өрт шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттан қыз жүгіріп шыққан. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.



Алматы ТЖД берген мәлімет бойынша, сағат 13:09-да өрт сөндіру бөлімдері Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 88 Б мекенжайына жіберілген. Алдын ала болжам бойынша, әкімшілік ғимаратта қысқа тұйықталу болған. Оқиға орнына дереу үш өрт сөндіру бөлімшесі барған. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.