Сот шешімі шыққан нысандардың тізімін Алматы әкімдігінің сайтынан білуге болады.
ERNUR.KZ. Сот шешіміне сәйкес Алматы тауларындағы заңсыз құрылыс бұзылады, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі күні Алматының таулы аймағындағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді. Қала құрылысын бақылау басқармасы заң талаптары мен құрылыс нормаларын сақтамаған жаңа салынып жатқан 52 нысанды анықтаған.
"20 нысанды толық немесе жартылай бұзу, учаскені бастапқы қалпына келтіру туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, клуб үйлері, тірек қабырғалары және бақша үйлері бар", - дейді ведомсвто мамандары.
Қалған 23 нысан бойынша сот талқылауы өтіп жатыр, 9 нысанға талап-арыз жазуға бастама көтерілді.