Алматы тауларында төрт жасөспірім адасып кетті

0
106

Олар "Поляна Терра" ауданында теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте бағыттарын жоғалтқан.


Алматы тауларында төрт жасөспірім адасып кетті

Фото: Zakon.kz/Асель Аукешева


ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданында 2008 жылы туған төрт адамнан тұратын топ таудан түсу кезінде бағытын жоғалтып, адасып кетті, деп жазады zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, олар "Поляна Терра" ауданында теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте бағыттарын жоғалтқан. Оқиға туралы дабыл алғаннан кейін оқиға орнына дереу келесі бригадалар шықты:

  • ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметі,
  • Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары.

Зардап шеккендермен байланыс сақталып, олардың орналасқан жері шамамен Берёзовая роща ауданында анықталған.

"Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде туристер қысқа мерзімде табылды. Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз аймаққа шығарып, қалаға жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ",- делінген ақпаратта.