Алматыда Антикордың тағы бір жалған қызметкері ұсталды

0
981

Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді.


Алматыда Антикордың тағы бір жалған қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. Өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жүрген 39 жастағы азамат Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) ұсталды, деп жазады inform.kz.

«Қанат Қоржыбаев Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысына тиесілі 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді. Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Құржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін», - делінген хабарламада.