Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды

0
561

Қазақстан аумағында сезілген жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 13:13-те болды.


Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан аумағында сезілген жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 13:13-те болды. Зілзала ошағы – Алматының оңтүстік-шығысына қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

АФТЕРШОК. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада.