​Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салды

0
108

40 жастағы ер адам 38 жастағы әйелін пышақтап өлтіріп, кейін Алматы облысындағы туыстарына барған соң өз-өзіне қол жұмсаған.


​Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салды

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам отбасылық жанжал кезінде әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды, деп жазады inform.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы оқиға Думан ықшамауданында болған.

40 жастағы ер адам 38 жастағы әйелін пышақтап өлтіріп, кейін Алматы облысындағы туыстарына барған соң өз-өзіне қол жұмсаған.
Алматыдағы пәтерде әйелдің мәйітін оның туысы тауып алған.
Бұл деректі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Kazinform тілшісіне растады.
— Кісі өлтіру фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салған. Кейін өзіне қол жұмсаған, — делінген хабарламада.