Алматыда әйел терезе жуамын деп 5-қабаттан түсе алмай қалған

0
106

Оқиға Алғабас ықшамауданындағы 12 қабатты үйде болған.​


Алматыда әйел терезе жуамын деп 5-қабаттан түсе алмай қалған

Видеодан скриншот
ERNUR.KZ Алматыда әйел терезе жуамын деп 5-қабаттағы кондиционердің кронштейнінен түсе алмай қалған, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Алғабас ықшамауданындағы 12 қабатты үйде болған.

“Алматы қ. 112 қызметіне Алғабас ықшам ауданындағы 12 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында терезе жуып жатқан әйелдің сыртқы кондиционер кронштейніне ілініп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйел қолымен терезе жақтауын ұстап, қозғалыссыз тұрған. Құлап кету қаупі туындаған. Шұғыл түрде ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жіберілді. 112 қызметінің диспетчері куәгер арқылы әйелге сабыр сақтап, орнынан қозғалмауын өтінді”, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар арнайы автосатыны пайдаланып, әйелде төменге түсірген соң дәрігерлерге тапсырған.