Алматыда гүлзарда селфи жасаған тұрғындарға 73 мың теңге айыппұл салынады

0
461

Жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (73 840 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл салынады).


Алматыда гүлзарда селфи жасаған тұрғындарға 73 мың теңге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі тұрғындарды гүлзарларға кірмеуге және өсімдіктерді зақымдамауға шақырды. Бұған дейін желіде кейбір адамдардың әдемі селфи жасау үшін гүлдерді қалай талап, көрсететін видеокадрлар пайда болған, деп жазады stan.kz.

Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметінше, қазір Есентай өзенінің бойында өсіп тұрған қызғалдақтар, күзде егілген. Ауа райы қолайлы болған кезде гүлдер сәуірдің ортасынан мамырға дейін гүлдейді дейді мекеме.

“Әлеуметтік желілерде тіркелген фактілерге байланысты департамент Алматы тұрғындары мен қонақтарын сәндік гүлді көгалдандыруға және қоғамдық орындарға қамқорлық жасауға шақырады”, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (73 840 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл салынады), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК (147 680 теңге), ірі кәсіпорындар үшін 100 АЕК (369 200 теңге) айыппұл салынады.