Алматыда карантинге жатқызылғандар шағым айтты

0
1 058

"Біз карантинге жатқызылған науқастардың жағдайын жақсарту үшін барлық шараны қолданып жатырмыз", - деді ресми өкіл.


Алматыда карантинге жатқызылғандар шағым айтты

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяден келген соң Алматыдағы стационарлық карантинге жатқызылған қазақстандықтар жағдай жасалмағанын айтып шағымданды. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды жақсартуға уәде берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Қазір ол сол жақта, карантин өтіп жатқан ауруханада жүр. Біз карантинге жатқызылған науқастардың жағдайын жақсарту үшін барлық шараны қолданып жатырмыз, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп брифингте.

Ол министрлікке коммуналдық қызмет көмектесетінін айтты.

"Біз бұл камераларға көп жылу береміз. Барлық жағдай ескерілді, біз 14 күндік міндетті карантиннің өтуіне қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз", - деді ол.

Еске салайық, 5 наурызда Оңтүстік Кореядан шыққан ұшақтың 100 жолаушысы Алматыда карантинге жатқызылған еді. Олардың арасында төрт бала бар.