Оңтүстік Кореядан келген азаматтар карантинге жабылды

0
863

Медициналық мекемеге жеткізілгендер ішінде 4 бала бар.


Оңтүстік Кореядан келген азаматтар карантинге жабылды

Қазақстанда Сеул – Алматы рейсінің 100 жолаушысы карантинге алынды. Жолаушылардың арасында Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея және Тәжікстан азаматтары бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады.

97 жолаушының 23-і Қырғызстан, 37-сі Өзбекстан, 16-сы Ресей, 18-і Украина, 2-еуі Оңтүстік Корея және 1-еуі Тәжікстан азаматы.

Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус жіберді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 21 қырғызстандық мінген втобус Қырғыз Республикасына жолға шықты.

Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, орналастырылды, оның ішінде 4 бала бар. Карантинде отырған адамдарға толық медициналық бақылау жүргізіледі.

Карантин кезінде (14 күн): карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейді.

Карантин тәртібін бұзылғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауда.