Қазіргі уақытта тротуар тазартылып жатыр.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 26 сәуірде Алматыда Достық пен л-Фараби даңғылдарының қиылысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады Zakon.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, құрылыс қалдықтары тиелген "Газель" көлігі Достық даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Қиылысқа жақындағанда көлік ағыны баяулап, тоқтай бастаған. Соқтығысты болдырмау үшін жүргізуші рөлді күрт оңға бұрып, көлікті тротуарға шығарған.
Бірнеше метр жүргеннен кейін ол жолда екі қызды байқап, оларды айналып өтпек болған. Сол сәтте көлік еңіске қарай кетіп, жасыл желекті қағып өтіп, тік учаскеде бүйіріне аударылған.
Абырой болғанда, жаяу жүргіншілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Жүргізуші жарақат алғанымен, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартқан.
Қазіргі уақытта тротуар тазартылып жатыр. Көлікті көтеру үшін жақын маңдағы құрылыс алаңынан кран тартылған. Оқиға орнына жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін полиция қызметкерлері шақырылған.


