Алматыда лай көшкіні жүрді: төрт адам іздестіріліп жатыр

0
450

Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.


Алматыда лай көшкіні жүрді: төрт адам іздестіріліп жатыр

8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан сырғыма түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, суық сумен жабдықтау құбырының жарылуы салдарынан топырақ ылғалданып, кейін көлемі 3200 текше метр болатын лай көшкіні жүрген. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйлерде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
Көмекке"Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар № 47 мектепке орналастырылды. Оларға түнеу орны, жылы шай және басқа да қажетті көмек көрсетілді. Жиналу пунктіне орналастырылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, тұрғындар өз еркімен достары мен туыстарына кетті.
Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастыруда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық тобы жұмыс істеп жатыр. Ықтимал зардап шеккендерді іздеу жалғасуда. Үйлердің жақын орналасуы, техниканы пайдалану мүмкіндігінің болмауы жұмыстарды қиындатып жатыр.