Сурет: Instagram/medeu.baspaldaq
ERNUR.KZ. 18 мамырда Алматы қаласының Медеу ауданында "Денсаулық баспалдағымен" көтерілген 1973 жылғы әйелдің жағдайы нашарлап, есінен танып қалды, деп жазады zakon.kz.
Оқиға орнына ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жедел жетті. Олар зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызды және оны "Медеу" бекетіне дейін көтеріп апарды. Ол жерде әйелді ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп алды.
Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші әрі қарай тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жеткізілді.


