Алматыда нәрестелерді сатқандар ұсталды

0
532

Саудагерлер мен сатып алушылар Қазақстанның әртүрлі қаласында тұрған.


Алматыда нәрестелерді сатқандар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда жаңадан туған сәбилерді сатқандар ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, қалада балалардың туу туралы куәлігін дайындаумен, баласынан бас тартуға дайын жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасыларды іздеумен айналысқан қылмыстық топ анықталған. Топ құрамында АХАЖ бөлімінің қызметкерлері де болған.

"Келісімшарт сомасы 1-2 миллион теңге аралығында болған. Жалған құжат және анықтама 700 теңгеге сатылған. Бүгінде алты бала саудасына қатысы бар адамдар анықталды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Саудагерлер мен сатып алушылар Қазақстанның әртүрлі қаласында тұрған. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Бес күдікті ұсталды, оның бәрі қамауға алынды.