Өрттің ауқымы алыстан да байқалады.
ERNUR.KZ. Алматыда ірі өрт болды. Қала үстіне қою қара түтін көтеріліп, оны таудан да көруге болады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, деп жазады Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан шыққан.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимарат ашық жалынға оранған. Өрттің көрші нысандарға таралу қаупі болған.
ӘӨрттің ауқымы алыстан да байқалады. Қою қара түтін қала үстіне биікке көтеріліп, оны таудан да көруге болады.


