Жезқазғандағы сауда үйінен өрт шықты: 70 шаршы метр аумақ өртенді

0
41

Жедел әрекеттің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, ешкім зардап шеккен жоқ.


Жезқазғандағы сауда үйінен өрт шықты: 70 шаршы метр аумақ өртенді

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Жезқазған қаласындағы Сейфуллин көшесінде орналасқан екі қабатты сауда ғимаратында төтенше жағдай болды. Нысанның бірінші қабатындағы нан сату бөлімінде от тұтанып, жалын шағын аумақты қамтыды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өртті қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірді. Жалын шарпыған аумақтың көлемі 70 шаршы метрді құрады. Жедел әрекеттің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, ешкім зардап шеккен жоқ.

Жезқазған қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Дидар Құйқабаев бастаған мамандар кәсіпкерлер мен тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.