Өрт сөндіру көліктері Қошқарбаев көшесімен келе жатқанда жолдан екі қыз жүгіріп өте шықты.
Алматыда Шаңырақ-6 шағын ауданында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан он жасар қызды өрт сөндіруші көлігі қағып өлтірді.
Өрт сөндіру көліктері Қошқарбаев көшесімен келе жатқанда жолдан екі қыз жүгіріп өте шықты, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстанға. Ал үшіншісі сәл кейінірек өте бастаған, жүргізуші көлік жылдамдығын бәсеңдетіп, сигнал береді — ал қыз жол ортасында тұрып қалады. Бірақ содан соң кенет оқушы алға қарай жылжи бастайды.
Жүргізуші қағып кетпес үшін рөлді шұғыл солға бұрып, тоқтаған. Алайда көлік артқы дөңгелегімен қызды басып кетті.
Он жасар қыз жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
фото: sputniknews.kz