Олар ұрланған заттарды қоқыс қапшықтарына салып қойған.
Алматыда тонаушылар ұрланған киімдерді қоқыс қапшықтарына салған, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шаһардың Әуезов ауданының полиция қызметкерлері қылмыстық жолмен алынған заттарды уақытша сақтайтын қоймаға айналған пәтерді анықтаған.
"Онда бес адам болды: үш қыз және екі жас жігіт. Бұл күдіктілердің “Asia Park” сауда үйінде орналасқан бірнеше бутикті тонағаны анықталды. Жеңіл ақшаны жақсы көретіндерді киетін киімдер, аяқ киім, опа-далап және әйелдер аксессуарлары қызықтырды. Олар ұрланған заттарды қоқыс қапшықтарына салып қойған. Үйде көршілерінің тістеуіктерінің көмегімен киімнен магниттік жапсырмаларды жұлып алып тастады. Ұсталғандардың ең кішісі 19 жаста, үлкені – 28-де. Олар – еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды", - делінген хабарламада.