Нұрлытау ықшамауданында тұратындар үшін 25 желтоқсаннан бастап № 116 бағытында жүретін жаңа автобустар пайда болады.
ERNUR.KZ. Алматыда қоғамдық көліктің жаңа бағыты ашылды, деп жазады Tengrinews.kz қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.
«Көптеген өтініштер бойынша, Нұрлытау ықшамауданында тұратындар үшін 25 желтоқсаннан бастап № 116 бағытында жүретін жаңа автобустар пайда болады. Ол Розыбакиев/Райымбек, Жароков, әл-Фараби даңғылдарымен өтіп, Витебск, Өтегенов, Сапарлы жол көшелерімен жүріп, Нұрлытау ықшамауданында рейті аяқтайды».
Жаңа бағытта ықшамауданның таулы аймағына арналған ГАЗель маркалы автобустары қатынайтын болады.