Алматыда жарты минутта екі млн теңгенің тауарын ұрлағандар іздестіріліп жатыр

0
1 568

Алматыда жұрттың жағасын ұстатқан ұрылар іздестіріліп жатыр


Алматыда жарты минутта екі млн теңгенің тауарын ұрлағандар іздестіріліп жатыр

фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Алматыда ұялы телефон сататын дүкенді қас-қағым сәтте тонап кеткендер іздестірілуде. Түрлерін танымастай етіп бетперде киген үш адам небәрі жарты минуттың ішінде 2 миллион теңгенің тауарын алып кеткен, деп жазады ktk.kz.

Таңсәріде терезедегі темір торды жұлып алып, ішке енген ұрылар тек қымбат смартфондарды ғана алыпты. Сөйтіп, қас пен көздің арасында із суытқан. Небәрі 5 минуттың ішінде жетіп келетін күзет те оларды ұстай алмапты. Өйткені, тонаушылар бар-жоғы 25 секундтың ішінде тайып тұрған. Күдіктілер дүкендегі бейнебақылау камераларына түсіп қалса да, олардың ізіне түсу қиынға соғатын түрі бар. Себебі, үшеуі де беттерін тұмшалап, одан қалды қолғап киіп алған.

Ялкунжан Бишемов, сатушы: Олар қымбат телефондардың қайда тұрғанын алдын ала білген. Кірген бойда бірден солай қарай беттеген. Соған қарағанда, күнделікті осында кіріп-шығып жүрген адамдардың бірі деп ойлаймыз.