Алматыда жас келіншек үш баласының көз алдында асылып қалған

0
496

Көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізген.


Алматыда жас келіншек үш баласының көз алдында асылып қалған

ERNUR.KZ. Алматыда жас келіншек үш баласының көзінше пәтерінде асылып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мамыр» шағынауданында өзіне қол жұмсаған әйел туралы қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлады.

Жазба авторының айтуынша, бұл жағдай жан-жақты тергелуі тиіс, өйткені жас әйелдің шарасыздықтан балаларын тастап, өмірін үзуіне қандай да бір себеп болуы керек.

Көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізген.

Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді.

«Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деп хабарлады ведомстводан.