Алматыда жас қыз бір айлық нәрестесін сатып жібере жаздады

0
1 008

Әйел баласын сатып алушыдан 400 мың теңге алып үлгерген.


Алматыда жас қыз бір айлық нәрестесін сатып жібере жаздады

ERNUR.KZ. Алматыда полицейлер бір айлық нәрестені сатып жіберу әрекетінің жолын кесті, деп жазады Zakon.kz.

Әуезов ауданының тұрғыны, 23 жастағы қыз өзінің туған баласын сатпақ болған.

"Әйелді ұстауға бағытталған арнайы операция басталмас бұрын бірқатар жедел шаралар жасалды. Өз баласынан құтылғысы келетін әйелдің қылмыстық ниеті расталды. Ол бір айлық ұл баламды сатамын деген ақпаратты достарының арасында таратқан. Сатып алушы бірден табылды. Түнгі сағат 11-лер шамасында С. есімді әйел Медеу ауданының аумағында сатып алушыдан 400 мың теңге алған кезінде ұсталды" - деді Алматы полиция басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Данияр Меңдебаев.

Полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне уақытша орналастырды. Ал оның анасы ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"Анықталғандай, С.-ның 7 жасар баласы бар екен, екінші баласын некесіз туған. Оны бейтаныс адамдарға сатуды ұйғарған. Әйел өз қылмысын мойындады. Бала алу үшін төленген ақшаны тергеушілер әрікілеп, іс материалдарына тіркеді" - деді подполковник Меңдебаев.