Алматыда жеке үйде газ жарылды

0
591

Алдын ала мәлімет бойынша 1970 жылы туған азаматша бұл үйде жалғыз өзі тұрған.


Алматыда жеке үйде газ жарылды

ERNUR.KZ. Алматыда жеке үйде газ жарылып, үйінді астынан әйел адам құтқарылды, деп жазады baq.kz.

2020 жылғы 29 шілдеде 19 сағат 12 минутта өрт сөндіру есептері Жетісу ауданы Волочаевская көшесі 237 мекен-жайындағы жарылыс туралы шақыртуға жіберілді. Өрт сөндірушілер 4 минутта келіп, бір қабатты жеке тұрғын үйде өртке ұласпай газды ауалы қоспадан жарылыс болды, жарылыс толқынынан нәтижесінде тұрғын үй толықтай қирағанын және көрші орналасқан үйлердің шатырлары жартылай зақымданғанын анықтады,-делінген хабарламада.

Тез арада іздестіру-құтқару жұмыстары мен конструкцияны бөлшектеу жұмыстары ұйымдастырылған.

Барлау барысында құрылымдардың құлау қауіпіне қарамастан, өрт сөндірушілер 49 жастағы әйел адамды тауып алды. ЖМҚ бригадасымен денесінің термикалық күйік алып 4 ҚКА жеткізілді. 21 сағат 13 минутта іздестіру жұмыстары аяқталды, үйіндінің астынан ешкім табылған жоқ. Оқиға орнына: 1 кинологиялық есеп, 8 құтқарушы, Алматы қаласы Әкімдігі 109 Құтқару қызметінің 2 бірлік техникасы, ТЖД-нен 17 өрт сөндіруші, 4 бірлік техника, сондай-ақ өзара әрекет ету қызметтері жұмылдырылды,-делдінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша 1970 жылы туған азаматша Ф. бұл үйде жалғыз өзі тұрған. Жарылыстың себебі, газ конфоркасының ашық қалуынан болуы мүмкін. Оқиға орнында газ қызметі жұмыстар атқаруда. Құрылымдық ерекшеліктері, қабырғалары- кірпіштен, жартылай шлакоблоктан, шатыры – ағаштан өріліп салынған металл.