Алматыдағы демалыс орындарының бірінде итті асып қойған: Полиция тергеу бастады

0
120

Аталған дерек бойынша Жетісу ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.


Алматыдағы демалыс орындарының бірінде итті асып қойған: Полиция тергеу бастады

Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Алматы полиция департаменті Farm House демалыс базасында болған иттің өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді, деп жазады Stan.kz.


Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Алматыдағы демалыс базасында қаңғыбас итті асып қойғаны туралы хабарлаған. Олар бұл мекемені бойкоттауға және онлайн-карталардағы рейтингін түсіруге шақырды. Кейбір пікір қалдырушылар басшылықты қатыгездікке айыптап, мұндай оқиға үшін жазаны қатаңдатуды талап етті.

Бұл жайтқа жануарларды қорғау қоры Kare.kz те үн қатып, мұндай әрекет Қылмыстық кодекстің 316-бабына ("Жануарларға қатыгездікпен қарау, олардың өліміне әкеп соққан") сәйкес қылмыстық жауапкершілікке — айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін — тартылатынын айтты. Құқық қорғаушылар иттің өліміне қатысты барлық мән-жайды мұқият тергеуді және кінәлілерді жазалауды талап етті.

Демалыс базасының әкімшілігі иттің өлімі жазатайым жағдай екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін итті уақытша оқшаулап, оған пана іздеген. Алайда уақытша ұстау кезінде жануар тұншығып өлген.

Сонымен қатар 2ГИС қосымшасында пайдаланушылар Farm House демалыс базасының рейтингін түсіре бастады. Қазіргі уақытта оның бағасы 1,3 жұлдызға дейін төмендеген.

Аталған дерек бойынша Жетісу ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мекеме әкімшілігінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.